«Тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекіді. Премьер-Министрдің осы мәселеге қатысты ұстанымы», — деп жазылған К.Мәсімовтің Twitter-дегі парақшасында.
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қол қойды, — деп хабарланған www.facebook.com:80/KMassimov сайтында.
Бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
Бірнеше тілді меңгерген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мемлекеттік тілдің дамуы туралы өз блогында жазды. Премьер-Министрдің ұстанымымен http://pm.kz/kz/blog/2127 танысуға болады.