30-дағы жігіттің автобуспен жүргені ұят па? Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дау тудырды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30-дағы жігіттің автобуспен жүргені ұят па? Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дау тудырды (ВИДЕО)

30-дағы жігіттің автобуспен жүргені ұят па? Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дау тудырды (ВИДЕО)

Желі қолданушыларының бірі 30 жастағы жігіттің автобуспен жүруіне қатысты көзқарасын сұрады.

  • 4 Мамыр
  • 14
Фото: ашық дереккөз

Танымал коуч, психолог, эксперт Роза Әшірбаева оқырмандарымен сырласып, түрлі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Жасы 30-ға толған еркек үй алу үшін ақша жинап автобуспен жүрсе түсінуге болады. Ал егер ақшасын оңды-солды шашып, түк бітірмей автобуспен жүрсе онда мәселе болады. Кейбір жігіттер бар сондай. Үш күннен кейін айлығын жаратып, іші-жеп құртып тастайды. Бәрі бірдей емес. 30 немесе 35 жасқа жеткенде бизнес ашу үшін тірнектеп ақша жинап, үй алу үшін депозитке құйып жатса ондай жігіттерге “жарайсың!” деп қана айтамыз. 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу, ауыз толтырып айтатын заты болмайтын ер азамат болу – ұят! Қыздарға қарағанда жігіттердің қолы бос. Студент кездерінде түк ойламай жүреді. Сосын көзді ашып-жұмғанша 30 жасқа толғанын сезбей қалады. Мақсаты айқын болуы керек, – деді коуч.

Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылып, психологты сынап тастады. Олар қоғамдық көлікке кім мінсе де өзі біледі деп жазып жатыр. 

“Тең-теңімен жүрсін”, “Жақсы көрген жігітті автобуспен жүресің деп тастап кетпейтін шығар”, “Роза осы жолы артық қылам деп тыртық қылды”, “Ақыл айттым деп отырсың ба?”, “30-дан асқан жігіт самокатпен жүрсе де өзі біледі”, “Талқылайтын басқа мәселе жоқ па”, “Автобусқа ақшасы бар, соған қуану керек”, “Кейбір жігіттердің үйі жоқ, ол ұят емес”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Соңғы жаңалықтар