Үкімет басшысы Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы Dauletten-ге сілтеме жасай отырып.
Штаб басшысы – Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Штаб отырысында әкімдер мен министрлер су тасқынына қарсы күрес шараларын баяндады:
- Уақытша орналастыру бекеттерінде қазір 5 456 адам бар.
- Су шайып кеткен 40 автожолды, көпірді және 39 жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары бақылауға алынды.
- Көлік қатынасы тоқтап қалған елдімекендермен байланыс орнатылып, әкімдіктер азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорларын дайындады.
- Жұмысқа 7 мыңнан астам адам, 2000 техника және әуе кемелері тартылды.