"Жансақтау бөлімінде жатыр": Алматыда жеткіншекті жылан шағып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.44
  • 514.81
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жансақтау бөлімінде жатыр": Алматыда жеткіншекті жылан шағып алды

"Жансақтау бөлімінде жатыр": Алматыда жеткіншекті жылан шағып алды

Алматыда жылан шаққаннан кейін жансақтау бөлімінде жатқан балаға жылан уына қарсы дәрі іздестіріліп жатыр.

  • 22 Қыркүйек
  • 1
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Threads желісіндегі жазба авторы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желі қолданушысының айтуынша, препараттың алғашқы дозасы Өзбекстаннан жеткізілген, алайда ол жеткіліксіз болған

«Алматы, біздің қалада сұр жыланның шағуына қарсы бірде-бір препарат жоқ екенін білесіздер ме?? Достарымыздың баласын жылан шағып алды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл препаратты шұғыл іздеп жатырмыз. Тауып-білгендеріңіз болса, ақпаратты таратуға көмектесіңіздер. Қажет болса, кез келген ақшаға сатып алуға дайынбыз. Қазір ең бастысы – баланы аман алып қалу. Алғашқы дозаны Өзбекстаннан жеткізді, бірақ ол жеткіліксіз болды», – деп жазды Threads желісіндегі Kukuzhika лақап атты қолданушы.

Автор сондай-ақ, соңғы уақытта қала саябақтарында жыландардың жиі байқалатынын айтып, шұғыл жағдайларға арналған препарат қоры болуы қажет екенін атап өткен.

«Бұл енді қандай да бір абстрактілі мәселе емес – қазір кішкентай бала жылан шаққаннан кейін жансақтау бөлімінде жатыр», – деп жазды қолданушы.

Бүгінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған мәселеге қатысты әлі түсініктеме бермеді.