Бишімбаев сотта күліп сөйлегені халықтың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев сотта күліп сөйлегені халықтың ашуына тиді

Бишімбаев сотта күліп сөйлегені халықтың ашуына тиді

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың сотының кезекті отырысы өтіп жатыр.  Жалғасы түстен кейінгі уақытта тікелей эфирде көрсетілетін болады. 

  • 1 Сәуiр
  • 45
Фото: Caravan.kz

Экс-министр Салтанат жайлы естелігін айтып жатқан кезде мысқылдап, күлгендей болды. Оны тараған видеолардан байқауға болады. Түріне қарасаң, еш мұңы мен аянышы жоқ сияқты. Мұны прокурор байқап, соттан Бишімбаевқа ескерту жасауын сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сіз жымиып қана қоймай күліп отырсыз», — дейді прокурор. 

«Айыпталушы Бишімбаев, іс бойынша сөйлеңіз. Сарказмсыз, күлмей, марқұмның туыстарына құрметпен қараңыз», — деді судья.

Ал Салтанат Нүкенованың анасы шыдай алмай сот залында айқайлап жіберді. Себебі экс-министр беті бүлк етпей, бүкіл Қазақстанға өзінің кінәсін мойындамайтынын жеткізді.

«Құрметті алқабилер, менің кінәлі емес екенімді, кінәмді мойындамайтынымды айта келе, түсіндіргім келеді. Салтанатты асқан қатігездікпен саналы түрде ойластырып, қасақана өлтірді деген айыппен келіспеймін»,- деді айыпталушы. 

Халықты алдай алмайсың! Бұл істі Президенттен бастап Қазақ қоғамы толықтай бақылауға алып отырғанын ескерсек, Бишімбаев жазадан құтылмауы тиіс!