"Артық сөз жазудан аулақ болыңдаршы": Ерке Есмахан тасқын жайлаған өңірлерге не себепті көмектеспейтінін ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Артық сөз жазудан аулақ болыңдаршы": Ерке Есмахан тасқын жайлаған өңірлерге не себепті көмектеспейтінін ашып айтты

"Артық сөз жазудан аулақ болыңдаршы": Ерке Есмахан тасқын жайлаған өңірлерге не себепті көмектеспейтінін ашып айтты

Әнші Ерке Есмахан отбасылық құпиясымен бөлісті.

  • 3 Сәуiр
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы ол күйеуінің неден шектейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші күйеуі қандай шарт қойғанын өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Қайырлы күн! Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Чек көрсетіп, жариялап айтуыма жолдасым қарсы. Жанұя болып жасаған қаншама үлкен, кіші қайырымдылық, қандай да болсын берген көмегімізді айтқызбады, әрі қарай айтып жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Аллах біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда.

Мен жазғым-ақ келеді, өйткені сіздер бізді қол қусырып отыр деп ойламасын дегендей. Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін. Біз де дәл сіздер сияқты халықпыз. Мүмкін келер жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын ала дайын болар деген үміттеміз», — деді ол.