«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ экс-басқарма төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.
Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», — делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жария етуге жатпайды.