”Менен мейірім көрмеді”: Тамара Асар марқұм өгей ұлы туралы алғаш рет айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Менен мейірім көрмеді”: Тамара Асар марқұм өгей ұлы туралы алғаш рет айтты

”Менен мейірім көрмеді”: Тамара Асар марқұм өгей ұлы туралы алғаш рет айтты

Әнші Тамара Асар бір жыл бұрын қаза тапқан өгей ұлы туралы алғаш рет айтты.

  • 17 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Azamat Live” подкастына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Жалпы күрделі түрде өкінішім жоқ. Күрделі түрде “осындай қылмадым” деген өкінішім жоқ. Қатты өкінген кезім былтыр ана баланы жоғалтқан кезде “аналық махаббатымды бере алмадым ау” деп өкіндім. Қатты еркелетпеймін, жалпы ұлды қатты еркелектпеймін. Өзім қаттымын, ұлға қаттымын. Өз баламды еркелетпейтін адаммын. Жақсы көретінімді айтамын, қамқорлығымды жасаймын, бірақ еркелікті ешқашан жасамаймын. Әлі де жасамаймын. Соны менен “көре алмады ау” деп өкіндім”, — деді әнші.

Сондай-ақ, әнші Құрылтай сайлауына не себепті қатысуға шешім қабылдағанын айтып берді.

”Былтыр жыл біздің отбасымызға өте ауыр тиді. Себебі, жолдасымның тұңғыш ұлы қайтыс болды. Соған қатты қиналдым. Күйзелістің салдарынан аутиоимундық ауруға шалдықтым. Сол кезде протезбен жүру қиындап кетті. Біз шетел аралап, емге басқа жаққа кеттік. Бірінші рет қаншама жылдар бойынан есіме де келмеген, қызығуқандылықпен, жастықпен, өнермен, марапатпен, мақсатпен жүргенде мен бір нәрсені елемеппін. Өзіме және өзгеге жақсылық жасауды. Мен бұл жүйені өте жақсы білемін. Бұл жүйеге жақсы жұмыстың керек екенін білемін. Оған әркім өзінің инстаграмынан, фейсбуктан отырып алып айтудың керегі жоқ. Бұған жүйелі түрде сауатты саяси жақындау керек”, — деді Тамара Асар.