Бұл туралы белгілі кәсіпкер, заңгер мамандығы бар Марғүлан Сейсенбай жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Соңғы аптада Қазақстанның медиа кеңістігіндегі ең көп талқыланып жатқан тақырыптар: су тасқыны және бұрынғы экономика министрінің соты. Су тасқыны жайлы пікірімді жаздым, енді сот процессіндегі адвокаттың рөлі жайлы сөз қозғағым келеді.
Мамандығым заңгер болғандықтан адвокаттың сотқа қатысуының маңыздылығын және оның рөлін жақсы түсінемін. Бұл екі тараптың да мүдделерін қорғап, әділдікті қамтамасыз ететін маңызды элемент. Бірақ, бәрі біз ойлағандай емес, әлдеқайда қиынырақ.
Өйткені! АҚШ пен Швейцариядағы адвокаттардың міндеті – кез-келген заңды жолмен өз клиенттерін қорғау, ал Ұлыбританиядағы адвокаттардың міндеті – сотқа шындықты анықтауға көмектесу.
Маған қарсы талап арыз берген талапкердің адвокаттары тіпті өз ар-ұятына қарсы шығып, клиентін барынша қорғағысы келгенін көрген адам ретінде және экс-министрдің адвокаттары барын салып қорғаушысын ақтап алғысы келіп жатқанын көріп отырып, мен Қазақстанда да «Адвокаттың міндеті-сотқа шындықты анықтауға көмектесу» қағидасы жұмыс істегенін қалар едім.
Мысалы ретінде айта кетейін. Швейцария және АҚШ сияқты елдерде адвокаттар өзінің қорғауындағы адамның мүддесін кез-келген заңды жолмен қорғауға міндетті. Сотқа дейінгі дайындық кезінде адвокат қылмыстық қудалау қаупі төніп тұрса да, өзіне мәлім болған ақпаратты қорғауындағы адамның келісімінсіз жариялауға құқығы жоқ. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл елдерде айыпталушы адвокатқа: «Ия, мен адамды өлтірдім, мен ақтап ал» деп айтады, ал қорғаушылар ақтап алу үшін бәрін жасауға міндетті.
Ал Ұлыбританияда егер айыпталушы адвокатқа біреуді өлтіретінін мойындаса, онда адвокат ең бірінші сотқа барады да, бұл ақпаратты жеткізеді.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Біздің қоғамға қандай адвокаттың рөлі жақынырақ?