Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында Салтанат Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.
«Салтанат тұрмысқа шықпай тұрып, жақсы табыс табатын. Шамамен, айына 3-4 млн теңге. Жұмысындағы барлық чектер мен арқылы өтетін. Мен барлық төлемдерді көрдім. Жеке кеңестен бөлек болжамдар, бағыттар мен таланттар бөлек төлем бойынша жүретін. Кей кездері өте шұғыл кеңестер болатын. Егер адам оған 2-3 апта бұрын жазылса, кеңес беру 50 мың теңге болды. Ал, егер бір апта көлемінде жазылғысы келсе, онда төлем екі еселенетін», — деді Салтанаттың көмекшісі Анар Тасова.
Сонымен қатар, адвокат куәгерден Салтанаттың өзіне қымбат сыйлықтар алуға жағдайы болды ма?» деп сұрады.
«10 сәуір күні ол Қуандыққа сыйлыққа тапсырыс беруімді өтінді. Мен үстелге қоятын бонбоньеркалар, 210 мың теңге тұратын иіс су алдым. Ол ақшаны өз картасы арқылы жіберді. Себебі, бұған дейін оған кеңес алуға үш қыз алдын-ала жазылып қойған болатын», — деді куәгер.
Еске салсақ, танымал нумеролог Клара Күзденбаева Бишімбаевтардың ісіне қатысты өз ойын ортаға салды. Бишімбаевтің немере ағасының Мәскеуде 2016 жылы жолыққанын: «Өзі ғана емес, әйелі және баласымен келген еді. Сол кезде Бишімбаев туралы сұраған болатын. Мен сол кезде оған Бишімбаевқа жоламауын айтқан едім», деді.