"Қуандықтың академик әкесі екі рет ұрды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы барлық былықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қуандықтың академик әкесі екі рет ұрды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы барлық былықтың бетін ашты

"Қуандықтың академик әкесі екі рет ұрды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы барлық былықтың бетін ашты

Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты 15 сәуірде жалғасты. Айыпталушы сот отырысында бұрынғы әйелін көлігін ұрлап, бопсалады деп айыптады.

  • 16 Сәуiр
  • 65
Фото - Caravan.kz

Назым Қаһарман экс-жұбайының айыптауына өз жауабын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Назым Қаһарман экс-жұбайы Нүкенованы өлтіргеннен кейін балалары үшін алаңдағанын, сол үшін Бишімбаевтың анасынан көлік сұрағанын жеткізді. Айтуынша, экс-министрдің шешесі түрлі сылтау айтып, бірде-бір көлікті бермеген.

“Кісі өлтірілгеннен кейін алғашқы күндерде балаларым үшін қатты уайымдадым. Олардың үнемі бақылап отырғым келді. Үшеуін де бірдей автобуспен жеткізе алмайтынымды біліп, Қуандықтың ата-анасынан көлік сұрадым. Себебі желіде түрлі жағымсыз пікірлер болды. Әрине мен ана болған соң қатты алаңдадым. Мені тек балаларымның жағдайы алаңдатты. Бишімбаевтың анасының сөзінше, барлық көліктер тергеу изоляторына зат тасу және адвокаттарды апару үшін керек. Бұл жерде бір ғана қорғаныс болуы керек еді – шын жүректен мойындау. Ал қазір цирк болып жатыр. Жалпы көлік беруден бас тартты. Ол немерелерім аман қалады деп жауап берді”, – деді Назым.

Сондай-ақ ол 11 қарашада Бишімбаевтың ата-анасымен арада жанжал болғанын айтты.

“Екеуміз ажырасқанда Қуандықтың мүлкі болмады. Бірақ мектептің ақшасын төлеп, қамқорлық жасап, барлығын реттейтін әке болды. Бірақ Қуандық адам өлтірген соң, балалардың жағдайы үшін, оның әкесіне барып, қаржы мәселесін көтердім. Қуандықтың әкесі мені саудагер деп атап, екі рет ұрды. Мұның бәрін қызым көрді”, – деді Назым.