Бишімбаев ешқашан көзілдірік тақпаған. Сотта неге тағып жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев ешқашан көзілдірік тақпаған. Сотта неге тағып жүр?

Бишімбаев ешқашан көзілдірік тақпаған. Сотта неге тағып жүр?

Экс-министрге қатысты қылмыстық іс әлі де қарастырылып жатыр. Судьяның айтуынша, сот аяқталуға жақын. Қорғаушы және айыптаушы тарап соңғы өтініштерін бере алады.

  • 19 Сәуiр
  • 83
Фото: Caravan.kz

Қуандық Бишімбаев күнделікті өмірде ешқашан көзілдірік тақпаған. Оның жас кезін, немесе студенттік өмірін қарастырудың мәні жоқ. Сол министрлікке келген сәтінен бастап, яғни қоғамда аты шыққаннан бері суреттері әлеуметтік желіде, БАҚ құралдарында жиі кездеседі. Әсіресе, оның Фейсбук парақшасындағы суреттерден байқауға болады. Соңғы рет ол парақшасында 13 қазан күні жазба қалдырған. Одан бұрын балаларымен бірге демалған сәттерінің үзінділерімен бөліскен. Caravan.kz медиа порталы сараптама жасайды.

Көзілдірікті ол тек екі жағдайда таққаны халықтың есінде. Бірінші рет, жемқорлықпен ұсталған кезде байқадық.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың 10 қаңтарында жемқорлық үшін ұсталған. Ол жалпы сомасы 346 миллион теңге пара алып, 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырғаны үшін 2018 жылдың 14 наурызында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Бишімбаев осы әрекеті үшін өкінетінін айтып, Назарбаевтан сенімін ақтамағаны үшін кешірім сұрады. Назарбаев оны кешірді ме, рақымшылыққа ілініп, небәрі 2 жыл 8 айдан кейін босап шықты.

Сол кездегі сот отырысынан таралған фотосуреттерде ол көзілдірікте болған.

Екінші рет Бишімбаевты осындай түрде бүгінгі таңда жүріп жатқан сот отырысынан көріп жүрміз. Сот басталғалы айыпталушы көзілдірігін шешкен емес. Желі қолданушылары да бұнысын байқап, түрлі пікірлер білдіріп жатыр.

Бишімбаев жемқорлық үшін түрмеге қамалып, 2 жыл 8 айдан кейін бостандыққа шыққан соң бұрынғы әйелі Назыммен ажырасып, Салтанат Нүкеноваға үйленді. Алайда, 9 қарашада елордалық «Bau» мейрамханасында екінші әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. 2024 жылдың 16 қаңтарында Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылғаны хабарланды. Қазір осы қылмыстық іс қаралып жатыр.

Экс-министрге қатысты бастапқы сот шешімі өзгермегенде ол әлі 4 жылын түрмеде өткізер еді. 

Қоғамдық резонанс тудырған шулы іске шетелдің сарапшылары да кірісті. Психиатр, физиогманист мамандар ашық соттың видеосын қарап талдау жасады, айыпталушының әрекеттеріне сипаттама берді.

Мысалы, Ресейлік атақты психиатр Василий Шнуров былай дейді:

«Біз қызды ұстап қалу, мойындату, қудалауды көріп отырмыз. Қыз Чайковскийді тыңдаса, ол да күні-түні тыңдауға дайын, қызға қай ел ұнаса, ол да сол ел ұнайтынын айтып, іші-бауырына кіреді. (…) Психопат өз сезімі болмаса да, болғандай жүре алады. Қыздың жүрегін солай жаулаған.

Қыз 30-дан асқан соң нағыз махаббатымды кездестірдім деп сенеді. Екеуі некелескен, бірақ іс жүзінде қыздың мүлкіне еш құқығы болмайды дегенді білдіреді. Бұл жерден мен абьюзерге тән қулықты байқаймын. Ал сосын бірінші белгілері шыға бастады», — дейді психиатр.

Оның сөзінше, бұл белгілердің алғашқысы – құрбыларынан алыстату, өзіне ғана уақыт арнауды сұрау, телефонын толыққанды бақылау.

«Қазіргі соттарда Бишімбаевтың өзін қалай ұстайтынын, сабырлы екенін көріп, ол манипулятор екенін байқаймыз. Нарциссизм, эгоцентризм, макиавеллизм. (…)», — дейді маман.

Тағы бір ресейлік белгілі физиогманист Светлана Филатова Бишімбаевқа «психопат» деген сипаттама берді. Бишімбаевтың берген жауабын тыңдаған маман оның шеберлігіне таң қалды. Аузынан шыққан әр бір сөзі мәдениетті. Баппен жеткізуі арқылы көпшілікті баурап алуға бағытталған. Алайда ол көп нәрсені жасырып қалуға тырысады, шындық шығып қалса, өзінің расымен кінәлі екенін мойындауға тиіс. Ол оған жол бермеуге барынша тырысқаны оның бет әлпетіндегі мимикаларынан байқалады. 

Маман оның көзілдірік таққанына да тоқталды. Айтуынша, өзін интеллектісі дамыған, білімді, өткенінде үлкен дәрежелі қызметтерде болғанын көрсетудің бір айласы.

Сондай-ақ маман психопатты анықтаудың 20 белгісін айтты. Толығырақ маманның Youtube-арнасынан көре аласыздар.