Ұлытаудан Қызылорда көлдеріне қарай 839 млн текше метрден астам су кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлытаудан Қызылорда көлдеріне қарай 839 млн текше метрден астам су кетті

Ұлытаудан Қызылорда көлдеріне қарай 839 млн текше метрден астам су кетті

Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді.

  • 6 Мамыр
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңгір су қоймасынан 307 млн текше метр су, Жезді су қоймасынан 81 млн текше метр су жіберілді, ал Сарысу өзеніндегі «Қызылжар темір жол станциясы» су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келді.

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына жіберілетін болады», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.