Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады

Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді

  • 16 Мамыр
  • 4
Сурет: Ақорда

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 2024 жылы 15 мамырда қарулы белгісіз біреу Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға бірнеше рет оқ атты. Саясаткердің үш жерінен оқ жарақатын алғаны, қазір ауруханада ауыр жағдайда жатқаны белгілі.