"Үкіметтен күдерімді үзгем": Қыдырәлі Болманов билікке не үшін ренжулі екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үкіметтен күдерімді үзгем": Қыдырәлі Болманов билікке не үшін ренжулі екенін айтты

"Үкіметтен күдерімді үзгем": Қыдырәлі Болманов билікке не үшін ренжулі екенін айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева продюсер Қыдырәлі Болмановты туған күнімен құттықтап, мемлекет басшысының арнайы хатын жеткізген.

  • 20 Мамыр
  • 121
Фото - Caravan.kz

Продюсердің өзі бұл құттықтауды ұзақ күткенін жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Үкіметке деген реніші туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

«Отыз жылдан астам, отандық шоу-бизнестің «қазақша» қалыптасуы үшін заманауи, арнайы формат жасап, әлем тарихында 86 мемлекет қатысқан Америкаға домбырамен барып, Құрманғазының күйімен гран-при жеңіп алсақ та мәдениетке министр болған «кісілердің» бірде біреуі хәл-ахуалымызды да сұраған емес.

Құрметті президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының туған күніме құттықтау хат жолдағанына басымды иіп алғыс айтамын! 25 жыл қазақтың ұлттық мәдениетін, домбырасын әлемге аспандатып, шеберліктерімен мойындата алған Ұлытау тобының»коммерциялық» заманда мүлде коммерцияға жатпайтын күрделі жұмысты арқалап, аяқ тимеген, тасы көп тың жерге соқа салып, жер жыртып, этно-жол салып, мойындарымен түрен тартып, әлемнің барлық мемлекеттерінде концерттерін беріп келеді.

Мәдениет министрлігінен Ұлытауға бір жапырақ қағаз да берілмегені… Марапатқа мұқтаж емеспіз. Англия королевасының «Алтын ордені»еліміздегі еуропалық алтын диск те бізде. Әлемдік екі гран-при, осы салмақты марапаттар Ұлытау тобына ғана емес, қазақтың ұлттық мәдениетіне көрсетілген құрмет, Құрманғазыға жасалған тағзым екені ескерілсе дейсің… 25 жыл күтіп, Үкімет марапатынан күдерімізді кеше үзгенбіз…

Ал, бүгін жарқ етіп, мәдениет министрі Аида Ғалымқызы үйге кіріп келгенде, ұйқылы-ояу атып тұрғанмын. Түс көріп тұрмын ба? Пранк емес пе, деп тұрсам, Аида ханым маған бұрылып, Президентіміздің тапсырмасымен туған күніңізбен құттықтау хатын алып келдім, оқып берейін деген кезде елес пе, күте-күте қуып кеткен жоқпын ба деп өзімді тексеріп… Аида Ғалымқызына қараймын. Шын сияқты.

Отыз жыл «Мәдени майданның» алғы шебінде жүрсем де, мәдениет министрі хәлімізді сұрағанын көрмеппіз! «, — деп жазды ол.