"Ауылға аш қалады деп жібермеу, жіберіп алып сондағылардың миын су қылу "топасизм": Белгілі блогер ұлдарын тым өбектейтін аналарға қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауылға аш қалады деп жібермеу, жіберіп алып сондағылардың миын су қылу "топасизм": Белгілі блогер ұлдарын тым өбектейтін аналарға қарсы шықты

"Ауылға аш қалады деп жібермеу, жіберіп алып сондағылардың миын су қылу "топасизм": Белгілі блогер ұлдарын тым өбектейтін аналарға қарсы шықты

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева желіде тағы да бір ой саларлық жазба қалдырды.

  • 4 Маусым
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы блогер балаларын тым өбектейтін әйелдерді сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Блогер, әсіресе, ұл балаларға еркіндік беру қажеттігін атап өткен.

«Ана мен балаға қатысты жаңа дерт шығыпты. Ол шектен тыс өбектеу. Балаға соншалықты жауапты болу да дерт. Өздігінен жүргізбеу, ішкен-жегенін бақылау, ауырса жанталасу, жағдайын түгел жасау да дерт. Ондай аналар көп. Олар өздерін идеал анамыз деп есептейді, нәтижесінде еркіндігі жоқ бала өседі. Балаңыз атқа қонсын деп отырған жоқпын, атқа мінгеннің бәрі ақылды емес. Тек құлауына, шабуына, кейде көше кезуіне, жеуіне, аш қалуына рұқсат беріңіз.
Ауылға аш қалады деп жібермеу, жіберіп алып сондағылардың миын су қылу “топасизім”
Жақтырмайды, қарамайды, ұрысады, жылатады, басынан күн өтеді… деген сылтау айтатын ананың санасы төмен сияқты. Туғаны болса өзегінен теппес. Елдің бәрі балаңды әлдилей алмайды. Ал бірақ абайламасқа да амал жоқ мына заманда… Өмірге көзқарасы түзу, қауіп төндірмейді ау деген туғаның болса барғаны жақсы ғой. Өзің жұмыста бала жаздай телефонда ұзынынан түсіп үйде жатып ақ уланып барады… Ауылы жоқтар да немересінен безгендер де көп…

Біз жаз шықса ауылға қарай айдап жібереміз. Биыл көкпарға баруға, асау үйретуге жарап қапты үлкеніміз. Қалада өскен бала ауылды білмейді деу жалқаудың сандырағы. Ол отбасының деңгейіне байланысты. Балаңызды қанатыңыздың астына тыға бермеңіз. Қалада кириешки жегенше ауылда қатқан нан жесін. Шіркін қайын інілерін шақырып алатын көреген жеңге болса. Айранын беріп, кешке далаға жатқызып, аңыз айтып, ерте тұғызып жұмсап алса шы… Ол балалар өседі, кейін жеңгесін айтып жүрмей ме,,, Мықты азамат болып сол жеңгесін санаториге жібермей ме… Әзірге көптеген жас келіндер үйін шашып қоятынын ойлаудан аса алмай отыр, өкінішті,,, бір күндік өмір,,,

Дана келін болу көркем мінезбен, кеңшілікпен, өзгенің баласын да өзінікіндей көрумен байланысып жатқанын ұқсақ шы…», — деп жазба қалдырды ол.