Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрады

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрады

Рақымшылық туралы өтінішін ол биыл наурыз айында берген.

  • 10 Маусым
  • 13
Фото: ашық дереккөз

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

“Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады”, – деп хабарлады ҰҚК.

Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.

Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.