"Үй, көлік жоқ, каспиде кредит, оған рак ауруы келіп қосылды": Әйеліне 150 млн теңгеге көлік әперген танымал блогер жұрттың алғысына бөленді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үй, көлік жоқ, каспиде кредит, оған рак ауруы келіп қосылды": Әйеліне 150 млн теңгеге көлік әперген танымал блогер жұрттың алғысына бөленді

"Үй, көлік жоқ, каспиде кредит, оған рак ауруы келіп қосылды": Әйеліне 150 млн теңгеге көлік әперген танымал блогер жұрттың алғысына бөленді

Белгілі блогер Қайша Керей отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті.

  • 18 Маусым
  • 12284
Фото - Caravan.kz

Оған жолдасы құны 150 млн теңге тұратын қымбат көлікті көптің көзінше, тұтас стадионды жалға алып сыйлаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көпшілікке кәсіпкерлік қырымен танылған Қайша Керей өміріндегі қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті. Ол онда мұндай қымбат сыйлықты неше жылдан бері күткенін айтқан.

«Арманым орындалған күн! MERCEDES AMG G63 2024 0 пробегпен. Дәл осы сәтті тура 3 жыл визуализация жасап армандаған едім, шүкір бүгін көз алдымда орындалды. Менің бюджетім 50-60 млн, тебілген көлік еді, Қуаныш 2024-жылғы су жаңа, матовый геликті сонау шетелден заказбен 150 млнға алдырғанын айтқанда 2 күн қуаныштан ұйықтай алмадым.

Естеріңізде болса сіздерге де шет жағасын шығарып едім ғой стористе. Міне сол қуанышымыз осы ағайын. Қуанышым барлық таныс-туыс, дос-жарандарды шақырып, сонау Стамбулдан қызым мен анамды алдырып, барлығын керемет етіп ұйымдастырыпты. Жаным, Аллахым разы болсын саған! Аллаға шүкір, әппақ ниет пен таза еңбектің арқасында бізге бәрін беріп жатыр. Бұйырса бұл — біз алар асулардың әлі басы. Бірігіп бәріне жетеміз. Жұғысты болсыншы менің оқырмандарыма! Құттықтауларыңызды қуана қабылдаймыз. Осындай көлік жұғысты болсын деп стрелкамен бүкіл танысыңа жіберіп қой», — деп жазды блогер.

Сонымен бірге ол осы күнге жеткенше басынан талай қиындық өткенін де атап өтті.

«Маған гелик сыйласын деп бай жігіт таңдап шыққан жоқпын. “ Бірге жасаймыз, қолдаймын” деп шықтым. Мен оған сендім. Жоғарыда аға-көкеміз жоқ, ата-анамыз да бай-бағландар емес, қарапайым қазақтармыз. Бірақ біздің басты спонсорымыз Жаратушы Алламыз.

Біз де тура кей оқырманымыз сияқты үйіміз жоқ, көлік жоқ, каспиде кредит, оған рак ауыруы келіп қосылып өмірдің қиын кезеңіне де түстік. Бірақ бәрінен шығуға болады екен. ”Жеңіміз, жетеміз” деген ниетің болса және екі адам бір бағытқа жүрсе, бірін-бірі қолдап-түсінсе жетпейтін дүние жоқ. Экранда көп көрінбейтін жолдасым 17 жасымнан бері менің артымдағы тірегім, жанымдағы серігім, ақ жүрегім. Үндемей-ақ бүкіл тірлікті жасап, мені алдарыңызға жарқыратып шығарып жүрген өөөөте скромный азамат.

“Былай жаса, балай сөйле, мынадай жоба жасаймыз, мынадай команда жинаймыз, сен демалып ал, сен тойып тамақ іш, ұйықтап ал, өзім жасаймын. Аруканы ойлама, өзім жуындырып мектепке жіберемін. Анаңды уайымдама, өзім қарайласамын. Дұшпандардың сөзіне құлақ аспа, танымал болу оңай емес” деп күнде 24 сағат жанымда жол сілтеп жүрген жан жарым. Алдымен Аллаға, сосын Алла қосқан осы жарыма шексіз ризашылығымды білдіремін. Бұл әр еркектің қолынан келмейді негізі. Бірақ ол мен үшін, отбасымыз үшін бәрін жасауға тырысады. Тек жүректегі ризашылығымды айтқым келеді. Алла қазақтың әр жұбына осындай гармония, жетістік нәсіп етсінші. Алла тіл мен көзден, сыпсың сөзден сақтасын жанұямды», — деп жазды ол.

Көпшілік блогерлердің отбасына бақыт тілеп, бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Осы постқа шын тілек жазған әр жанға осындай бақыт жұғысты болсын🫶