Ислам депозитті қолдамайды, бірақ оны қайырымдылыққа жұмсауға болады - Айнұр Әбдірәсілқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.56
  • 512.34
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам депозитті қолдамайды, бірақ оны қайырымдылыққа жұмсауға болады - Айнұр Әбдірәсілқызы

Ислам депозитті қолдамайды, бірақ оны қайырымдылыққа жұмсауға болады - Айнұр Әбдірәсілқызы

Танымал дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы ақша, жомарт болу әрі исламдағы депозит туралы ойымен бөлісті.

  • 21 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/ainur_parapsycholog

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қаншалықты ақшаң аз болса да, 100 мыңға күн көрген адам 90 мыңға да күн көреді. 10 мыңды міндетті түрде сақта, жина деген нәрсе бар. Ақша, ақшаға келеді, ол шынымен, менің оған талай рет көзім жетті.

Жомарттық жоқтықта сыналады, жоқтықта танылады. Шын жомарт адам, жоқ болса да бір нәрсесін береді, ең болмаса жанын, мейірімін береді.

Әсіресе, үлкен қаржылық қиын жағдайға тап болған кезімде де, мен міндетті түрде алған айлықтың 10 пайызын жинап қоюға тырыстым. Әрине, ислам депозитті қолдамайды. Бірақ сен ондағы аз ғана болмашы дүниені қайырымдылыққа, басқаға да бере аласың», — деп түсіндірді ол.