"Құдайдан олай тілемеші": Гүлзира Айдарбекова келінмен бірге тұрмаймын деген Меруерт Түсіпбаеваға келінді қалай ұстау керектегін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдайдан олай тілемеші": Гүлзира Айдарбекова келінмен бірге тұрмаймын деген Меруерт Түсіпбаеваға келінді қалай ұстау керектегін айтты

"Құдайдан олай тілемеші": Гүлзира Айдарбекова келінмен бірге тұрмаймын деген Меруерт Түсіпбаеваға келінді қалай ұстау керектегін айтты

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Гүлзира Айдарбекованың келінге қатысты ақыл-кеңесін жариялады.

  • 19 Маусым
  • 644
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Желіде Меруерт Түсіпбаева мен Гүлзира Айдарбекованың келінді қалай ұстау керектігіне байланысты әңгімесі тарады. Продюсер Гүлзира Айдарбекова Құдайдан үнемі адал келін тілеу керектегін атап өтті.

«Келінмен тұрмаймын, келін маған қызмет істемесе болады деп айтсам, Гүлзира ханым маған басқаша айтып жатыр», — деп бастады Меруерт Түсіпбаева әңгімесін.

«Иә, мен айтамын ешқандай тоқтам тілеме, өйткені құдай не сұрасаң береді деген, сондықтан кем сұрама. Адам тілеу тілеген кезде, Алла біліп, білмей істеген қателерімді кешір деп бастайды. Одан кейін келінді адалынан берсін деп сұра. Сосын құдай құданы берген соң, оны да мың жылдық құда етіп берсе деп сұра. Одан кейін ұлың мен келініңнің ешқашан ажырамай, үлкен әулет болғанын тілеу керек. Нұрғиса, естіп отырсың ба, анашың осылай келіннің қолынан шай ішсін. Анаңның көзінің ағы да, қарасы да өзіңсің ғой. Анаңның армандары орындалсын, анашыңды бақытқа жеткіз. Бірінші анаңды ойлашы, анаңды ойласаң, қалғанының бәрі реттеледі», — деп кеңесін аяқтады ол.