"Ашып айта алмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығына қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ашып айта алмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығына қатысты бар шындықты айтты

"Ашып айта алмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығына қатысты бар шындықты айтты

Ауруханаға түсіп, көпті алаңдатып қойған Жұлдыз Әбдікәрімова аураханадағы жағдайын көрсетті.

  • 28 Маусым
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Өнер иесі жағдайы бірқалыпты, ешқандай ота қажет емес екенін айтады. 

“Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен. Сонымен, уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).
Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап «сіз бізге мұқтаж емессіз» деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін»,  деп жазды актриса.