"Семіздікті қой ғана көтереді": Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семіздікті қой ғана көтереді": Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалатын болды

"Семіздікті қой ғана көтереді": Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалатын болды

Осы аптада шоубизнес өкілдерінің шулы оқиғалары халықтың назарына ілікті.

  • 5 Шiлде
  • 54
Фото: caravan.kz

Осы аптада халықтың назарына іліккен шулы оқиғалар жайлы Caravan.kz медиа порталы шолу жасайды.

Халықтың «сүйікті ұлы» Қайрат Нұртас бұзақылық бойынша қылмыстық іске қатысы бар дейді. Тіпті, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екен. Оқиғаға тоқталайық:

Танымал әнші Қайрат Нұртас Алматы-Астана бағытындағы ұшақтың бортында төбелес шығарған. Ақыры бір жолаушының денсаулығына (жеңіл болса да) нұқсан келтірген дейді. Тіпті, зардап шеккен адамның аты да белгілі екен — Асылбек Бекқайыров.

«Ай, Қайрат, мұның қалай болғаны? Абай сияқты «Әр қазақ менің жалғызым» дейтін ұл ма десек», — деп жазды журналист Оңғар Қабден.

Төбелестен кейін ұшақ командирі полицияға жүгінуге мәжбүр болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі «батырды» да ұшақтан алып кеткен, ал басты кейіпкерге қатысты бірден екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы, бұл сонда Қайроштың алғашқы бұзақылығы болмай тұр ғой.

Бірақ іс мұнымен бітпейтін сияқты. Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293 — бабының 2-бөлігі, яғни «әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған екен.

Полиция ұшақта адамды ұру – қылмыстық іс деп шешкен сынды. Ал бұл іс бойынша жаза анау-мынау емес 5 жылға дейін бас бостандығанан айыруға дейін алып баруы мүмкін. Иә, әрине, бұдан бөлек айыппұл, қоғамдық жұмыстар мен шектеулер түріндегі жаза да бар екенін жасырмау керек.

Бүгін сот отырысы өтті. Енді халықтың «Қайрошы» 15 тәулікке қамалатын болды. Үкімнен кейін әншә соттан «Тағы да қысқартуға мүмкіншілік бар ма?» деп сұрады. Сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Ұқсас жағдай шоумен, тамада Тұрсынбек Қабатовпен де орын алды.

Ұшақ бортында мас күйінде стюардессаға боғауыз сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған. Іс Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, шоумен ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан. Сотта ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. 

Қабатовтың кінәсі куәгердің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталды.

Сот шешімімен шоумен әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынған еді.

«Қазақ зиялыларына қатысты ұшақтарда әдейі арандатушылық болып жатқан сияқты», — деп пікір білдірді белгілі журналист Аршат Ораз.