Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты

Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты

Денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілген.

  • 14 Шiлде
  • 4
Фото - Caravan.kz

 Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Науқастың аяғы ауыр, жүктілігі — 10 апта.

Қазір науқастың жағдайы — тұрақты ауыр. Есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр, — дейді аурухананың баспасөз хатшысы Жұлдыз Қалиева. 

Оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы супермаркеттердің бірінің алдында болған. 

Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Ал басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.