Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен.

  • 16 Шiлде
  • 9
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына жаңа қала әкімін таныстырды. Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Байпақов Әбілқайыр Жаңайұлы Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy. — на сілтеме жасап.

Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. 

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Осы жылдар ішінде облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандары әкімі аппаратында, облыс әкімі аппаратында басшы, Баянды ауылының әкімі, «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ директоры, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.