"Ешқандай жәрдемақы жоқ, бір жарым жыл болды": Семейдегі орман өртінен қаза тапқан жігіттің анасы елге жанайқайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешқандай жәрдемақы жоқ, бір жарым жыл болды": Семейдегі орман өртінен қаза тапқан жігіттің анасы елге жанайқайын айтты

"Ешқандай жәрдемақы жоқ, бір жарым жыл болды": Семейдегі орман өртінен қаза тапқан жігіттің анасы елге жанайқайын айтты

Орманшының туыстарына шенеуніктер марқұмның кәмелетке толмаған балалары болмаған соң қаржылай көмек көрсетілмеді деген екен. Бұл туралы Sta

  • 17 Шiлде
  • 49
Фото - Caravan.kz

Орманшының туыстарына шенеуніктер марқұмның кәмелетке толмаған балалары болмаған соң қаржылай көмек көрсетілмеді деген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бір жарым жыл бұрын жалғыз ұлынан айырылған ана шенеуніктердің бұл сөзімен келіспейтінін жеткізді. 

“Президент келген кезде айтып кетті. Барлық көмек, өмірден өткен мына орманшылардың барлық отбасына көмек көрсетілсін деді. Міне, содан бері әлі ешқандай жәрдемақы алғанымыз жоқ. Бір жарым жыл болды”, – деді марқұмның анасы Дәмелі Байбазарова. 

Жалғыз ұлы – орманды өрттен қорғаймын деп аттанған 14 адамның бірі. Серікжан Тоқтасын орманшы болған, үйленбеген. Жасы биыл 28-ге толар еді.

«Семей орманы» резерваты өкілдерінің мәліметінше, табиғи апаттан көз жұмған алты қызметкердің жанұясы ғана жәрдемақы алыпты. Себебі қаржылай көмектің берілу мәселесін заң аясында тек сот шешеді екен. 

“Бірінші жәрдемақы сот шешімінің аясында ғана тағайындалады, яғни азаматтық кодекстің 140-бабының талаптарына сай, қаза болған адамның отбасында мүгедек болса, сонымен қатар зейнетке шыққан ата-анасы немесе жұмыс істемейтін жасөспірімдер, оқудағы жасөспірімдер және де осы қаза болған адамның асырауында болған адамдар ғана жәрдемақы ала алады”, – деді “Семей-Орманы” МОТР республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Роллан Тоқтаров.