”Енесін анасынан артық көреді”: Төреғалидің әйеліне көпшілік тәнті болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Енесін анасынан артық көреді”: Төреғалидің әйеліне көпшілік тәнті болды

”Енесін анасынан артық көреді”: Төреғалидің әйеліне көпшілік тәнті болды

Төреғали Төреәлінің ата-анасы келіндері Толқынға гауһар тастармен көмкерілген, құны шамамен 7 млн теңге болатын Cartier брендінен білезік сыйлады.

  • 22 Шiлде
  • 173
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жұлдызды отбасы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Келінімізге бұған дейін көлік сыйладық. Енді туған күніне әрі ТөреАхметті дүниеге әкелгеніне Төреш үшеуміз бір сыйлық алдық. Мен таңдадым, ұната ма ұнатпай ма көреміз. Дүние тозса да, өзің тозба”, — деді Төреғалидың анасы.

Желі қолданушылары ене мен келін арасындағы сыйластыққа тәнті болған.

”Ене мен келін осындай болсын”, “Енесі де, келіні де керемет жандар”, “Толқын енесін анасынан артық жақсы көретін сияқты”, “Осындай келінді бағалаған отбасыға рақмет”, “Толқын барлық сыйлыққа лайық”, — деп жазды олар.