ХАМАС басшысы Исмаил Хания өлтірілді. Енді соғыс тоқтай ма? Бұл не білдіреді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХАМАС басшысы Исмаил Хания өлтірілді. Енді соғыс тоқтай ма? Бұл не білдіреді?

ХАМАС басшысы Исмаил Хания өлтірілді. Енді соғыс тоқтай ма? Бұл не білдіреді?

Оқиға Иран астанасында болған. Тегеранға Хания жаңа президенттің ұлықтау рәсіміне қатысуға барған. Ал бүгін ол түнеген үйге зымыран соққысы жасалып, көзі жойылғаны хабарланды.

  • 31 Шiлде
  • 13
Фото: ашық дереккөз

ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Тегеранда өлтірілді. Бұл туралы Иранның Mehr агенттігі жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ХАМАС саяси бюросының басшысы Ханияның қаза болғанын растады және ол Тегерандағы резиденциясына Израиль шабуылы кезінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдемені түрлі БАҚ хабарлады.

Иран билігі Тегеранда ХАМАС саяси бюросы басшысының өлтірілуін тергеп жатыр, деп хабарлайды Tasnim агенттігі КСИР-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, мұның алдында Хания Тегеранда президент Пезешкианның инаугурациясына қатысқан болатын.

Израиль армиясының өкілдері CNN арнасына ХАМАС саяси бюросының басшысы Ханияның Тегеранда өлтірілуі туралы жаңалыққа түсініктеме беруден бас тартып, «шетелдік БАҚ хабарламаларына жауап бермейміз» деп мәлімдеді.

Ақ үй болса, ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қайтыс болғаны туралы хабарламалардан хабардар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй өкілі CNN арнасына хабарлаған.

Палестина президенті Махмуд Аббас Ханияның өлтірілуін қатаң айыптап, «қорқақ әрекет» деп атады.

Мән-жайы: Оқиға Иран астанасында болған. Тегеранға Хания жаңа президенттің ұлықтау рәсіміне қатысуға барған. Ал бүгін ол түнеген үйге зымыран соққысы жасалып, көзі жойылғаны хабарланды. Мұны ХАМАС та, Ислам революциясы сақшылары корпусы да растап отыр.

Кеше ғана ХАМАС басшысы Иранның лидері Әли Хаменеймен кездескен еді.

Енді бұл жағдай не білдіретініне өтейік, деп жазды Әшкере телеграм арнасы.

Бұл кем дегенде Израильдің өз дұшпанын табу жолында мүмкіндігі шектеусіз екенін білдіреді. ХАМАС-ты 7 жыл бойы басқарып келген Хания да, оның қоластындағылар да Иранда қауіпсіз екенін сезініп келген. Енді олай емес.

ХАМАС жақтаушыларына бұл қандай белгі болса да, қаншалықты ауыр жағдай болса да, ескере кететін бір жайт: Хания орны оңай алмасатын фигура. Өйткені ХАМАС Иранның қолдауын алып келген көп қозғалыстың бірі ғана.

Сондықтан ХАМАС идеологиясы жалғаса береді және қақтығыс қызу болмаса да, жалғасын табатыны сөзсіз.

Ресей, Түркия және Иран Ханияның өлтірілуін айыптады

Ресейдің ресми алғашқы реакциясы:

ХАМАС саяси бюросының басшысы Ханияның өлімі – мүлдем өрескел саяси өлтіру, деп мәлімдеді РФ СІМ басшысының орынбасары РИА Новости агенттігіне. Оның айтуынша, бұл аймақтағы шиеленістің одан әрі күшеюіне әкеп соғады.

Түркияның ресми алғашқы реакциясы:

Түркияның Сыртқы істер министрлігі де Ханияның көзі жойылуын айыптап, «халықаралық қауымдастық Израильді тоқтату үшін әрекет етпесе, аймақ әлдеқайда ауыр қақтығыстарға тап болады» деп атап өтті.

Иранның ресми алғашқы реакциясы:

Иран СІМ өкілі Канаани ХАМАС саяси бюросының басшысы Ханияның Тегеранда көзі жойылуына байланысты палестиналық халыққа көңіл айтты. Ол оның өлімі «бекер болмайды» және Ислам Республикасымен, Палестинамен және қарсылық күштерімен арасындағы «терең және мызғымас» байланысты нығайтады деп атап өтті.