Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
The Japan Times порталының мәліметінше, Кюсю аралының ауданындағы жер сілкінісі салдарынан Жапонияның премьер-министрі Астанаға жоспарланған сапарынан бас тартуға мәжбүр болды. Себебі елді мекендегі жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен.
Кишида өзінің шешімін бүгін жария етті. Жалпы Жапония премьер-министрі алдымен Қазақстанға, сосын Өзбекстан мен Моңғолияға барады деп жоспарланған еді.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.
Бүгін Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.
Ал 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған болатын.