"Өзбек озды деп жер тепкілеп жатқандарың не?": Отандық журналист өзбек халқының жетістігін көре алмаған қазақтарды орнына қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзбек озды деп жер тепкілеп жатқандарың не?": Отандық журналист өзбек халқының жетістігін көре алмаған қазақтарды орнына қойды

"Өзбек озды деп жер тепкілеп жатқандарың не?": Отандық журналист өзбек халқының жетістігін көре алмаған қазақтарды орнына қойды

Танымал журналист, көпшілікке өткір пікірлерімен танылған Ирина Советжанқызы Париж олимпиадасында көзге түскен өзбек спортшылары туралы пікір білдірді.

  • 14 Тамыз
  • 194
Фото - Caravan.kz

Ол көрші елдің спортшыларының жетістігі үшін шынайы қуану керектегін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Қазақстан Париж Олимпиада ойындарын бір алтын, үш күміс, және үш қола жүлде алды. Шындығында бұл жолғы нәтижеміз Токио олимпиадасымен салыстырғанда жақсы. Барға қанағат дейміз. Осы жолы кеткен қателіктерімізді саралап, 2028 жылға сақадай сай боламыз деп ойлаймын. Биылғы додаға негізі жастар көбірек қатысқан екен. Олар келесі сынға сабақ алып, намысын қайрап қайтты деп сенеміз.
Оның үстіне Париж Олимпиадасының біз үшін жаңалығы сол бұрын соңды жүлде алмаған спорт түрлері бойынша спортшыларымыз жеңіспен оралды. Мысалы, Нариман Құрманов гимнастикадан күміс медаль алды. Оның күмісі алтынға пара-пар десек қателеспейміз. Өйткені, тәуелсіз қазақ тарихында гимнастикадан бірінші рет орын алып отырмыз. Араға жиырма жылдай уақыт салып мылтық ату бойынша Александра Ле мен Ислам Сәтпаев жүлде алып келді. Болашақта осындай спорт түрлерін дамытудың расынмен нәтиже беретінін көріп отырмыз. Бұл спорт түрлеріннен медаль саны да көп. Сондықтан жүлде алуға мүмкіндік жоғары.
Жүлде демекші, «өзбек озды» деп жер тепкілеп жатқандардың әпербақан қылығы шектен шыққан сияқты. Қандай пікір айтсақ та, алды артымызды ойлап, саралап барып айту керек қой. Кейбіреулер Қазақстан спортта ғана емес, барлық салада көрші елдің көлеңкесінде қалып қойды деп айтып жатыр екен. Бұл енді еш қисынға келмейді. Оған бірнеше дәлелім бар. Мысалы, Халықаралық валюта қорының мәліметінше, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі — 259,3 млрд доллар болса, Өзбекстандағы ЖІӨ — 90,4 доллар.

Экономикалық еркіндік индексі бойынша біздің ел -71 орында болса, көрші ел – 109 орында. Қазақстанның орташа айлық жалақысы – 874 доллар болса, өзбек елінікі – 360 долар. Экспорт бойынша біздің көрсеткіш — 78,7 млрд доллар болса, көрші елдікі — 24,4 млрд доллар. Ал әлеуметтік салаға екі елдің жұмсап отырған шығыны жер мен көктей. Мысалы, бізде – 5,4 трлн теңге, Өзбекстанда – 704 млрд теңге. Осыдан кейін Қазақстан көш соңында деп айтуға еш негіз жоқ. Орталық Азия елдерінің ішінде тұрақтылығымен инвесторлар тарып, көш бастап отырған елміз. Спортта көрші елден артта қалдық екен деп, барлық салада есе жіберіп отыр деген түсінік болмауы тиіс.
Бәсекелестік жақсы шығар, бірақ ол дамуға стимул болатын қасиет болуы керек. Қалай десек те, өзбек сан ғасырлар бойы тату көршіміз, сенімді серіктесіміз, түбі бір түркі ағайынымыз. Сондықтан олардың бұл жолғы жетістігіне қуана білейік», — деп жазды ол.