Біздің спортшыларда рух жоқ. Дін сындырып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біздің спортшыларда рух жоқ. Дін сындырып тастаған

Біздің спортшыларда рух жоқ. Дін сындырып тастаған

Ауызашар, жұма намаз, бес уақыт намаз деп жүргенде спортпен кім айналысады?

  • 15 Тамыз
  • 11
Фото: ашық дереккөз

Кешегі Олимпиадада спортшылар күштері тең болып тұрып ұтылып қалып жатты. Себебі, бойларында рух жоқ, көздерінде от, көкректерінде жалын жоқ. Бәрі жігерсіз, жасық деді журналист Арман Әбубәкір. Caravan.kz медиа порталы толығырақ тарқатады.

Дін рухтарын сындырып тастаған. Тобыр болып бірге жүргенде батыр, ал шаршы алаңда қоян сияқты су жүрек. Ал кезінде бабаларымыз “Әруақ” деп атқа қонғанда бойына екі есе қуат бітетін болған. Қайтыс болған аталарының рухы да желеп-жебейді, демейді деп сенген. Солай болған да. Атой салып белдескен балуан, жұдырықтасқан боксшы көрмедік.

Оның үстіне, дін кей спортшыларымыздың бойындағы отаншылдық сезімді де түбегейлі жойып тастаған. Чемпионымыз “Артымда Алаш елім тұрды! Қазақ елінің абройын асқақтаттым!” деп айта алмады. Ал жеңілгендеріміз болса, ұлтынан үмітті ақтамағаны үшін егіліп кешірім сұрауға санасы жетпеді. “Алланың қолдауы”, “Алланың қалауы” деп жауапкершілікті арқалаудан жалтарады. Бәрін Алла шешіп жатса, өздері не істеп жүр? Бәрі Алланың қалауы болса, діні басқалар қалай жеңіске жетіп жатыр?

Сақалдары қауғадай. Спортшы емес, құдды қарақшылар сияқты. Қап-қара жүн-жүн беттерінен жүрек айниды. Сол сақалмен ұялмай-қызармай, әлемдік аренада жүр. Айналайын-ау, айна болса, соған бір қарап “түрім қандай еді?” деп ойлануға да бас керек пе?

Мұрты жоқ. Ежелгі тас мүсіндерде әдемі мұрт қойған. Сақал қойып, мұртты қырып тастау біздің дәстүрімізде де, болмысымызда да жоқ. Бұл спортшыларымыз қазақты бүкіл әлемге салафит, діни фанатик ретінде танытты. Басқа түк емес.

Бокстағы бас бапкерлер ауысыпты. Енді бір ізгілікті, жақсылықты күтейік. Барлық салаға өзгерістер, жаңашылдық керек екен. Әсіресе, жастарға сөзі өтетін спортшы, әнші, блогерлерге діни уағыз айтуға қатал тыйым салу қажет. Өрімдей жастарымызды осылар-ақ қу ақша үшін улап бітті.

Түнде бүкіл ағза жұмысына жауапты мелотанин гармоны бөлінеді. Мелотанин — гармондардың патшасы. Егер ол гармон бөлінбесе, ағзадағы барлық қызмет бұзылады. Түнде тұрып намаз оқудың осы гармонның бөлінуіне зияны тиеді. Ағза, мидың қызметі әлсірейді деген сөз.

Одан бөлек, ораза ұстау да спортшылардың спорттық тәртібіне кері әсер етеді. Егер өсіп келе жатқан жас бала болса, әлгіндей ашығудың пайдасынан залалы мол. Ағзасы қалыптасып қойғандарға ғана ашығу пайдалы. Ауызашар, жұма намаз, бес уақыт намаз деп жүргенде спортпен кім айналысады?