АЭС мәселесі: Қазір Қазақстанды энергия жетіспеушілігінен Қырғыз бен Ресей құтқарып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС мәселесі: Қазір Қазақстанды энергия жетіспеушілігінен Қырғыз бен Ресей құтқарып тұр

АЭС мәселесі: Қазір Қазақстанды энергия жетіспеушілігінен Қырғыз бен Ресей құтқарып тұр

Қазақстанда АЭС салуға қатысты ашық талқылау болып жатыр. Жалпы, бізге АЭС керек пе?

  • 16 Тамыз
  • 18
Фото: ашық дереккөз

Халық таңдауын күзде жасайды: Қазақстанға АЭС керек пе, әлде онсыз да бірдеңе қыламыз ба — бұл сұраққа осы күзде жауап берілетін болады. Соңғы сөз халықта, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қоғамдық талқы, ашық әңгіме, сұрақ-жауап, маман мен халық мәмілесі көктемнің соңын ала басталған. Жаз орталай жер жерде, қала қалада талқылау жиындары басталды. Қазір республиканың көп аймағында жиналыстар, талқылаулар, тыңдаулар өтіп болды.

Ең үлкен екі қаланың бірі Алматыда ой талқы, сөз жарыс, сұрақ-жауап бүгін басталып та кеткен. Қызығы, Алматыда қарсылық білдірушілер көп. Басқа аймақтармен, өңірлермен салыстырғанда табан тіреп, «айқасып» жатқандар Алматыда көбірек екен. Былайынша енді Алматының көп жұрттан көзі ашық, ойы озық деп ойлайсың ғой — экономикаға АЭСтің қажетін солар жетігірек білуі тиіс.

Қазақстанды қазірдің өзінде қуат жетіспеушілігінен Қырғыз бен Ресей құтқарып тұр! «Кісідегінің кілті аспанда», ертеңгі күні «өзімізге де керек боп қалды» деп беріп тұрған қуатын бермей қалса — жылусыз, жарықсыз қалу. Қауіпті!

Мамандар бір АЭСтің бірнеше ЖЭС берген қуатты беретінін алға тартады.

Халық «ертең жарылып кетсе кәйтеміз» деп қауіп етеді!

«Халықтың қауіпі орынды. Чернобльдегі жарылыс зардабын жоюға барып келгендер Қазақстанның әр жерінде де бар, біздің Қызаннан да жігіттер барып келген. Әлі күнге жер басып жүр, қорқынышты естеліктерін ел аңыз етіп тарқатады. Десек те, АЭСтің бәрі жарыла береді деген сөз жоқ бұнда. Чернобльдегі жарылыстан бері қанша заман өтті, ғылым қарыштап дамыды, қазіргінің АЭСтері мүлде басқа құрылымдар», — деп пікір білдірді Алмас Алтай.

Атомдық жарылыстан қорқып, бетін көрместей боп кетуі кереу бір ел — Жапония еді ғой.

Қызықты қараңыз: күні бүгін әлемде жұмыс істеп тұрған 440 АЭСтің 34-і Жапонияда екен.

АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 50, Ресейдің өзінде 38 АЭС бар. Яғни, дамыған елдер баяғыда АЭС-ке көшіп алған.

«Біз қазір энергия көзін алып отырған ТЭЦ-тар ауаға көп зиянды қалдықтар бөлуде. Бұл жағынан алғанда АЭС пайдалы. Бірақ, ТЭЦ-ті оңдырмай жатқанда АЭС қалай болар екен? Қазақстанға да сөзсіз АЭС салыну керек, онсыз болмайды дейтін болса Жапония, Корея, Франция салса қарсы емеспін! Ресейдің салуына түбегейлі қарсымын», — деді журналист Оңғар Қабден.

Алматыда өтіп жатқан талқы Астанаға да келеді көп ұзамай. Байтақ шаһардың жұрты не айтар екен?