"Құдайға сенің сөлеңдеген шүберегің түкке керек емес, намаз оқығаныңды міндетсінбе": Мөлдір Анарбаева намазы "қаза болды" деп елді шулатқан қызды орнына қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдайға сенің сөлеңдеген шүберегің түкке керек емес, намаз оқығаныңды міндетсінбе": Мөлдір Анарбаева намазы "қаза болды" деп елді шулатқан қызды орнына қойды

"Құдайға сенің сөлеңдеген шүберегің түкке керек емес, намаз оқығаныңды міндетсінбе": Мөлдір Анарбаева намазы "қаза болды" деп елді шулатқан қызды орнына қойды

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева "намазым қаза болды" деп желіні шулатқан бойжеткенге қатысты өз пікірін білдірді.

  • 5 Қыркүйек
  • 2306
Фото - Caravan.kz

Ол көпшілікті діни фанаттарға сенбеуді әрі оларға ермеуге шақырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Құдайға сенің сөлеңдеген шүберегің түкке керек емес. Логикаң қайда? Құдай сенің сынақта есті шешім жасағаныңды, ақылды болғаныңды, өз ұлтына қиянат қылмағаныңды қалайды. Қасірет! Сенің намаз оқығаның ешкімге міндет емес. Білімсіз күнің қараң. Сен үшін оқу орнын жаптырайық! Немесе барлық оқу-орнын саған ыңғайлайық?! Бірақ бұл байқұс оны қайтсін?», — деп ашына жазды блогер.