“Шүлдірлеп, мемлекеттік тілді қорламаңыздар”: Ринат Зайытов қазақ тілін білмейтін шенділерге қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Шүлдірлеп, мемлекеттік тілді қорламаңыздар”: Ринат Зайытов қазақ тілін білмейтін шенділерге қарсы шықты

“Шүлдірлеп, мемлекеттік тілді қорламаңыздар”: Ринат Зайытов қазақ тілін білмейтін шенділерге қарсы шықты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерді сынаған видео тарады.

  • 18 Қыркүйек
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ассамблеяның сессиясында әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді деп анық айтқан. Бәлкім, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірелетін шығар. Бірақ, атасының аты Әміре, өзінің аты Азамат, атасының аты Біржан, өзінің аты Ержан деген азаматтарға мына жерде шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында екі сөйлем қазақша, артында қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілді қорламауларыңызды сұраймын”, — деді депутат.

Аталмыш видеоға журналист Гүлбану Әниятқызы да пікір білдірді.

“Біздегі бүкіл шенділердің “бәріңізге түсінікті болу үшін ары қарай орыс тілінде жалғастырайын” дегеніне ешкім “қыңқ” демейді. Бүгін Ринат Зайытов қарсы шығып, бірдеңе айтқан екен. Оған ыққан вице-министр жоқ. Осылай мысық-тышқан ойнағанымызға 30 жылдан асты.

Биліктің мемлекеттік тілде сөйлегенін көріп кетем бе, көрмей кетем бе”, — деп жазды ол.