АЭС салу халықаралық саясаттағы салмағы бар шешімдердің бірі - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС салу халықаралық саясаттағы салмағы бар шешімдердің бірі - сарапшы

АЭС салу халықаралық саясаттағы салмағы бар шешімдердің бірі - сарапшы

Қазақстан уран нарығындағы басты ойыншы. Сондықтан елдегі атом энергетикасын дамыту басқа мемлекеттермен қатар ірі халықаралық компаниялардың назарын аударып отыр.

  • 24 Қыркүйек
  • 33
Фото: ашық дереккөз

Қаржы сарапшысы Айбар Олжаев АЭС керек дегенге күш беретін факторларды атады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Атом электр станциясын салу тек мемлекеттің ішкі мәселесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық саясаттағы салмағы бар шешімдердің бірі. Бұл АЭС-і бар ел қауіпті дегенді білдірмейді. Өйткені халықаралық келісімдер негізінде АЭС-ті бейбіт мақсатта қолдану туралы уағдаластық бар.

Бұған қоса, Қазақстан қазірдің өзінде уран нарығындағы басты ойыншы. Сондықтан елдегі атом энергетикасын дамыту басқа мемлекеттермен қатар ірі халықаралық компаниялардың назарын аударып отыр.

Осы ретте, Халықаралық Атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) сияқты ұйымдармен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын ерекше атап өтуге болады. Өйткені, бұл ұйым атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Себебі, АЭС-тің құрылысынан бастап құрылыстан бастап пайдалануға дейін МАГАТЭ-нің бақылауында болады. Ең алдымен құрылысты қолға алған кез келген жауапты компанияға міндеттеме жүктелуі тиіс. Барлық кепілдіктер алдын ала талқыланудан өтеді.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроcси ядролық бағдарламаны бастаған басқа елдерге қарағанда Қазақстанның тәжірибесі әлдеқайда мол екенін айтқан еді. Бүгінде Қазақстанда Төмен байытылған уран банкі жұмыс істейді. Оны нарықта қажет болған жағдайда немесе уран жетіспеген жағдайда пайдалануға болады. Енді АЭС-ке қатысты нақты шешім қабылданып жатса, мұның пайдасы мол болары сөзсіз.

Елдің экономикасы дамыған сайын энергияға сұраныс артып жатыр. Бірақ атмосфераға зиянды көмірқышқыл газының таралуын айтарлықтай азайту үшін бізге ядролық энергия қажет болады. Бірақ жаһандық жылынуды болдырмау үшін 2050 жылдарға қарай жасыл энергияға қол жеткізу маңызды қадам болып отыр. Сондықтан АЭС салу мәселесі елдегі экология және энергия тапшылығы мәселесін қатар шешетін еді.

Айтпақшы, АЭХА ұйымға мүше елдерге атом энергетикасы инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі. Яғни, 19 түрлі кезеңнен тұратын ерешені сақтау міндет. Бұл алғашқы шешім қабылданған саяси деңгейден бастап атом электр станцияның тұрақты жұмыс кезеңінде іске асуы тиіс халықаралық талаптар.

«Ондағы маңызды талаптардың бірі қауіпсіздік екенін тағы да айта кету керек. Халықаралық деңгейдегі ұйымның бақылауында болғандықтан қандайда бір апат орын алады деп қорқудың қажеті жоқ деп санаймын», — деді сарапшы Айбар Олжаев.