Бүгін – Әділет органдары қызметкерлерінің күні - kaz.caravan.kz
  • $ 479.23
  • 534.96
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін – Әділет органдары қызметкерлерінің күні

Бүгін – Әділет органдары қызметкерлерінің күні

Бүгін – Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Қазақ еліндегі әділет органдарының алғаш құрылуына Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов негіз болған.

  • 30 Қыркүйек
  • 10
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1929 жылы қазақ революциялық комитетінің отырысында әскери-революциялық комитет мүшесі Ахмет Байтұрсынов баяндама жасап, онда Қазақ елінің дербес әділет органы құрылуы керек деген бастама көтерген. Ұсыныс қабыл алынып, революциялық комитет әділет бөлімін құрды. 

Қазақстанда Әділет органдары күні аАлғаш рет Әділет органдарының күні 2012 жылы аталып өтті.

Әділет органдары – Әділет министрлігінің барлық мекемелері мен ведомстволарының жиынтық атауы. Тарихы тереңде жатқан Әділет органы 1919 жылы құрылып, өзі өмір сүрген жүзден аса жыл ішінде ел өмірінде болған аса елеулі тарихи оқиғалардың бел ортасында болып, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық өмірдегі күрделі өзгерістерге атсалысты. 1920 жылы Әділет халық комиссариаты ретінде құрылса, 1946 жылы Әділет министрлігі болып қайта аталды. Жалпылама айтқанда, халыққа заң қызметін ұсынып, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қорғайтын бірден бір орган.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң Әділет органдары үшін жаңа кезең басталды. Әділет министрлігі және оның органдары түбірімен өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Осылайша, өзінің сан қырлы қызметінің арқасында егеменді мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру ісіне үлес қосып келеді. Бағдарланған міндеттер негізінде еліміздің әділет органдары жаңа кезең талабына орай мемлекеттік құқықтық реформаны қалыптастырып, жұмысын дамытып келеді.

Бұл мереке — Конституциялық мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етіп жүрген әділет қызметкерлерінің басын біріктіретін айтулы күн.

Бүгінде елімізде халықаралық стандарттардың талаптарына сай заңды негіз қаланып, әділет органдарының құзыры кеңейтілді, жаңа міндеттер қойылды, ашық рәсімдер негізінде әділет қызметкерлерінің кәсіби корпусы жасақталды.