"Өз елімді қорғау менің міндетім": Этникалық қазақ Ресей үшін Украинаға қарсы соғысуда  - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз елімді қорғау менің міндетім": Этникалық қазақ Ресей үшін Украинаға қарсы соғысуда 

"Өз елімді қорғау менің міндетім": Этникалық қазақ Ресей үшін Украинаға қарсы соғысуда 

Украинада Ресей үшін соғысып жүрген этникалық қазақ Жайық Темірбаев ресейлік БАҚ өкіліне не үшін соғысып жүргенін түсіндіріп берді.

  • 30 Қыркүйек
  • 103
Selnivi.ru

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Selnivi.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Менің ұлтым — қазақ. Бірақ мен Башқұртстанда туып өстім. Менен не үшін фронтқа бардың деген кезде мен «Бұл менің елім, мен оны қорғаудамын» деп жауап беремін. Әр адам Отанның қорғаушысы бола алады, әсіресе Отан елеулі сыртқы қауіптерге тап болған кезде. «Патриотизм» деген жақсы сөз бар. Сонымен, ол нақты қадамдар мен іс — әрекеттер арқылы көрінуі керек деп санаймын», — деп пайымдайды Жайық Темірбаев.

Сондай-ақ этникалық қазақ соғысқа өз еркімен аттанған айтып өтті.

«Ішінара жұмылдыру жарияланған кезде, мен майданға баруым керек деген ойға келдім. Атам соғысты, ағаларым, туысқандарым Ауғанстандағы, Шешенстандағы, Сириядағы қарулы қақтығастарға қатысқан. Мен де өзімді сынап көруді шештім. Әскери комиссариатқа барып, шақыру қағазын сұрай бастадым. Бірақ ол кезде жіберу тоқтатылған. Тек 2024 жылдың ақпан айында мен әскери қызметке келісімшартқа отырдым. Наурыз айынан бастап Отан мүддесін қорғау бойынша тапсырмаларды орындап жүрмін. Мен өз шешіміме өкінбеймін. Біздің бөлімшелер жауды өз позицияларынан шығарады, оның жаңа шекараларда орнығуына жол бермейді», — деді Жайық Темірбаев.