Қытайда Алматы қаласының туризм күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.11
  • 532.25
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Қытайда Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Қытайда Алматының туризм күндері өтеді! Іс-шара 14 қазанда Сианда, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады

  • 1 Қазан
  • 3
© AFP 2024 / NOEL CELIS

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мақсат — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және қаламызға туристер тарту.

Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші туроператорлары және әуе компанияларымен келіссөздер, сондай-ақ Алматының бірегей туристік ұсыныстарының тұсаукесері жоспарланған.

Қатысушылар қазақстандық артистердің өнерін тамашалап, қолөнершілердің шеберлік дәрістеріне қатысып, ұлттық тағамдардың дәмін татады. Соңғы күні ірі туроператорлар арасында Алматыда турдың ұтыс ойыны өткізіледі.

Жеңімпаздар «Медеу» мен «Шымбұлақ» сияқты көрнекі орындармен таныса алады.