"Баспаналы болуды армандап, ай сайын қаржы құйып, алданып қалдық - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баспаналы болуды армандап, ай сайын қаржы құйып, алданып қалдық - Сәуле Әбілдаханқызы

"Баспаналы болуды армандап, ай сайын қаржы құйып, алданып қалдық - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы баспаналы болуды армандап, алданып қалғанын айтты.

  • 31 Қазан
  • 222
Stan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мынау Арген Орынғалиевич Нұржанов дегенді танисыздар ма? «R.O.I.» — ға алданғандар бар ма?

Біз сіңлім екеуміз алдандық…

Баспаналы болуды армандап жүрген сіңлім бұл компанияға 2020 жылы ақпанда тіркелген. Содан бері екеулеп, үшеулеп, төртеулеп (сіңлілеріммен бірігіп) бәріміз кезек-кезек осы «ROI» — ға ай сайын қаржы құйдық. 2 млн 275 мың тг құйыппыз…

Алайда…

Шамамен бір жылдан бері бұл компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ақша құюды тоқтаттық. Салған қаржымызды кері қайтарып алуға жұртпен бірге біз де өтініш жазғанбыз. Бірақ сіңлімді тіркеген менеджер Рысқұл Ақерке Сейілбекқызы бір жылдан бері әрнәрсені сылтауратып, «қайтарамыз» деп өтірік алдап жүр.

Компания басшысы Арген Орынғалиевич дегенге де қаншама рет хабарластық. Не қоңырауға, не хабарламаға жауап бермейді», — деп жазды ол.

Журналист ҚР ішкі істер министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлық қызметі мен ҚР Бас прокуратурасынан көмек сұрап «2 275 220 тг қаржымызды қайтаруға» көмектесуді сұрады.