Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі трюк жасау кезінде жас жігітті қағып мерт етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі трюк жасау кезінде жас жігітті қағып мерт етті

Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі трюк жасау кезінде жас жігітті қағып мерт етті

Ойыннан от шықты.

  • 31 Қазан
  • 139
Фото: видеодан алынған коллаж

22 жастағы қазақстандық блогер Батырхан Ержанов қауіпті трюктан соң аруханада қайтыс болды. Оны танымал блогер Бейбіт Әлібековтың көлігі қағып кеткен. Бұл туралы блогер Бейбіт Әлібеков әлеуеметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Батырхан Ержанов ресейлік блогер Михаил Литвиннің байқауына қатысу үшін Бейбіт Әлібековтің Lamborgini Aventador автокөлігін бере тұруды сұрап, жиі хабарлама жазған екен. Ал Әлібеков көлікті беру не бермеуі туралы өз оқырмандарының арасында сауалдама жүргізіп, кейін көпшіліктің дауысы арқылы беруді ұйғарыпты.

Оқиға «Сокол» автодромында орын алды. Батырхан Ержанов жүріп келе жатқан Lamborgini көлігінің үстінен секіріп трюк жасағысы келген. Алайда автокөліктің астында қалып қойған. Көптеген ауыр жарақаттардың салдарынан 30 қазан күні ауруханада көз жұмды.

Батырхан Ержанов блогерлікпен 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап белсенді айналыса бастаған. Ол TikTok-та өмірдегі қызықты жағдайларды әзіл арқылы көрерменге жеткізіп, түрлі видеолар түсірді. Оның парақшасына 70 мың оқырман жазылған. Кейбір роликтері тіпті 10 миллионнан астам қаралып жинап үлгерген.

Оқиғаға қатысты Бейбіт Әлібеков пікір білдірді.

«Батырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрап қоймаған соң, бердім. Трюк жасап, видео түсіремін деген. Трюк жасағаны қайғылы аяқталды. Ол ауыр жарақаттардан соң ауруханада көз жұмды. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мүмін сол кезде көлікті бермеуім керек еді», — деді Әлібеков.

Айта кетейік, трюк жасау кезінде көлікті 45 жастағы Анатолий Подлипалин басқарған.

Бұл оқиғаға қатысты журналист Оңғар Қабден былай деп пікір білдірді.

«Естеріңізге сала кетейік, Қаңтар оқиғасына дейін Бейбіт Әлібеков өзінің Қайрат Құдайберген, Мейіржан Төребаев, Әзімжан Саидбаев сынды қылмыскер достарымен бірге Эмилия Керімбаеваға әлемдегі ең қымбат екпе «Zolgensma» үшін миллиард теңгеге жуық ақша жинаған. Олар қайырымдылық шарасына қатысушыларға смартфон мен көлік түріндегі керемет сыйлықтарды уәде етті. Қажетті соманы жинағаннан кейін лоторея ойнатылмаған және қыздың ата-анасы диагноз расталмағанын айтты. Ақшаның нақты қайда кеткені белгісіз дейді Egov press», — деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Алматы облысының полиция департаменті Батырхан Ержанның қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары «Сокол» автодромындағы оқиға бойынша тергеу жүргізуде.