"Біздің балаларымыздан басқа нан табатын нәрсе қалмаған ба, бәрі былшылдап отырады": Маман аутизмді ақшаның көзіне айналдырған сарапшылар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біздің балаларымыздан басқа нан табатын нәрсе қалмаған ба, бәрі былшылдап отырады": Маман аутизмді ақшаның көзіне айналдырған сарапшылар туралы

"Біздің балаларымыздан басқа нан табатын нәрсе қалмаған ба, бәрі былшылдап отырады": Маман аутизмді ақшаның көзіне айналдырған сарапшылар туралы

Дефектолог маман Қарлығаш Әбдірахманов аутизмді табыстың көзіне айналдырған блогер, психолог, имамдарды сынға алды.

  • 12 Қараша
  • 101
Instagram/Әйгерім Сейфолла

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дефектолог маман бұл туралы танымал тележүргізуші Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында мәлімдеді.

«Аутизм қазір коммерциялық жобаға айналған. Қазір үтікті қоссаңыз да аутизмді бес қадам, үш қадаммен емдеймін деген сияқты сарапшылар қаптап кетті. Регрессолог, психосомат, уқалаушы, дәрумен зерттеуші, шөппен емдеуші, алақанмен емдеуші, биоэнергопрактик, тағы не бар? Теолог, дінтанушы, молдаларға дейін айтып отырғанын көргенде интернеттен, жағамды ұстадым. Басқа тақырып қалмаған ба бұларға? Басқа айтылатын әңгіме жоқ па? Біздің балаларымыздан басқа бұларға нан табатын нәрсе болмай қалды ғой деп ойлаймын…

Өйткені, адамның жанды жері. Себебі, өздерінің бастарына тимегеннен кейін, мұндай баланы бағып, асырамағаннан кейін, оның тауқыметін тартпағаннан кейін, оны қандай нәрсе екенін білмегеннен кейін, былшылдатып қойып, айта береді…

Кім құқық берді оларға олай айтуға? Мына өмір былай тұрсын, ертең құдайдың артында қалай жауап береді? Соны рилс пен таргетке салып, ізденген ата-аналарды шатастырады. Ол ата-ана үшін жылт еткен үміт. Соны біледі де, сол тақырыпты қозғайды. Өткенде үш-төрт имам жиналып алып, аутист балаға шешені кінәлап жатыр. Қай жерді қосып қалсаң да, барлық жерде шеше кінәлі. Дүниеге сондай бала әкелсе де әйел кінәлі, біреу зорлап тастаса да, сондай зорлыққа жеткізген әйел кінәлі. Бір жерден секіріп өліп жатса да, әйел кінәлі. Қашан тоқтайды бұл әйелді кінәләу, мен түсінбеймін», — деді маман.