Астанада «QazDatathon» республикалық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «QazDatathon» республикалық байқауы өтті

Астанада «QazDatathon» республикалық байқауы өтті

«QazDatathon» байқауы – әлеуметтік-экономикалық саясат шараларын әзірлеу мақсатында үлкен деректерді қолдану бойынша 2022 жылдан бері өткізілетін жыл сайынғы ұлттық байқау. Іс-шараның мақсаты – деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешім қабылдау тәжірибесін танымал ету.

  • 14 Қараша
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл байқау әлеуметтік-экономикалық және әдістемелік мәселелерді деректер негізінде шешудің жаңа тәсілдерін табу мақсатында өткізіледі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, әлеуметтанушылар мектебі, Нұрсұлтан Назарбаев қорының жанындағы «El Umiti» Корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Биылғы байқаудың тақырыбы – еңбек статистикасы және жұмыспен қамту («Жұмыс күші зерттеуі», «Еңбекақы»).

Байқауға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, деректер мамандары, әлеуметтік зерттеушілер шақырылды, қатысушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс. QazDatathon – командалық байқау, әр командада 2-ден 5 адамға дейін қатыса алады, қатысушыларда экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдар бойынша білім, статистикалық қосымшалар, бағдарламалау тілдері және BI-құралдарымен жұмыс істеу дағдылары болуы керек.

Жалпы байқауға 19 команда тіркеліп, оның 7-еуі финалға өтті.

Финалда жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар, Ұлттық статистика бюросында тағылымдамадан өту мүмкіндігі және 2025 жылы әлеуметтанушылар мектебінде оқу үшін 2 грант алды.

Бірінші орынды Raspi ked командасы (Әмірлан Нұрғазин, Санжар Қалқанбай, Жәния Әубәкірова) жеңіп алды. Екінші орын Biz командасына (Асылбек Ғизатов және Ален Карпачев) бұйырды. Үшінші орынды MSU 2.0 командасы (Аян Құлжанов, Даниял Бекжанов, Илья Ковшов) иеленді.

Толық ақпаратты datathon.kz сайтынан көруге болады.