"Тағы да сарбаз өлімі": Жаркенттегі әскери бөлімде офицердің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тағы да сарбаз өлімі": Жаркенттегі әскери бөлімде офицердің мәйіті табылды

"Тағы да сарбаз өлімі": Жаркенттегі әскери бөлімде офицердің мәйіті табылды

Әскердегі бұл оқыс жағдайды жуып-шаюға тырысып жатқан сияқты.

  • 15 Қараша
  • 10
Фото: Гүлмира Әбіқай парақшасынан

Соңғы 3 жылда соғыссыз-ақ әскерде 270 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жаркенттегі 74261 әскери бөлімінде офицердің мәйіті табылды. Бұл қайғылы оқиға туралы журналистер мен қоғам белсенділері жазып, шулап жатыр.

Дархан Нұрланұлы жап-жас, жалынды, жоспары көп, мақсаты биік еді. Әскери болуды бала кезден армандады. Осыған дейін Жамбыл, Алматы облыстарындағы әскери бөлімдерде қызмет атқарды. Туған ауылына, ата-анасына жақын болайын деп Жәркентке ауысқанына көп болған жоқ. Содан бері жаңа келген принципшіл офицер басшыларға бір жақпай-ақ қойды дейді марқұмның әпкесі.

Соңы міне, командирдың тапсырмасымен 3 сарбаздың қолынан дем жетпей өлді. Дәулет дивизиядағы ең мықты мина тазалаушы еді. Былтыр Қорғаныс Министрлігі атынан Минасыздандыру ерлігі үшін награда алған. Келесі айда үйленіп, үйдегілерді қуантпақшы еді, өкінішке орай адам қолынан ажал құшты.

Инженерлік қызметтің басшысын қатардағы жауынгерлер ұстап алып, қол-аяғын байлап, айдалаға тастап кеткен. Ес-түссіз жатқан әскериді түнжарымда қаруластары тауып алыпты. Жедел-жәрдем шақыртқанымен Дәулет Нұрланұлын ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Ал, марқұмды ұстап, қол-аяғын байлап тастау туралы бұйрықты үш жауынгерге барлау-шабуылдау бригадасының командирі берді деген ақпарат бар.

«Әскердегі бұл оқыс жағдайды жуып-шаюға тырысып жатқан сияқты. Себебі капитан Дәулет Нұрланұлы диверсиялық топтарға қарсы жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде көз жұмды деген мәлімет таралуда. Бұл қасақана кісі өлтіру ма әлде абайсызда болған қылмыс па оны тергеушілер анықтауы тиіс», — деп пікір білдірді журналист Диас Нұрақын.

«Бүгін Жәркент маңындағы Қоңырөлең ауылында жаңа төбешік пайда болады. Дәл қазір жаназасы оқылуда, бақұл бол Дархан», — деді Гүлмира Әбіқай.