Елдос Сметов - Азия ойындарының күміс жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 439.37
  • € 498.6
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдос Сметов - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Елдос Сметов - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Отандық дзюдоның көшбасшысы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

  • 30 Қыркүйек
  • 516
Фото: ҰОК, Сали Сабиров

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық дзюдошы жапониялық Хаято Кондомен белдесті.

Кездесу барысында Кондо екі рет нәтижелі юко ұпайын еншілеп, жеңіске жетті. Осылайша, Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

34 жастағы Елдос Сметов — Қазақстан тарихындағы ең атақты дзюдошылардың бірі. Спортшының қоржынында Олимпиаданың үш бірдей жүлдесі жүлдесі бар: Рио-2016 күміс, Токио-2020 қола және Париж-2024-те алтын медаль иеленді. Сонымен қатар ол 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында алтын медаль иеленіп, Қазақстан дзюдо тарихына Азияданың алғашқы алтынын сыйлады.

Дзюдодан ұлттық құрама үшін бұл — қазіргі Азия ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін Абиба Әбужақынова финалда өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алған еді.