Павлодарда қылмыс әлемінің авторитеті ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәліметінше, 4 қарашада өңір прокуратурасының үйлестіруі бойынша Павлодардың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірін рейдерлік жолмен басып алуға күдікті қылмыстық авторитет ұсталған.
Келтірілген шығын көлемі бір миллиард теңгеден асады.
«Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін рейдерлік жолмен басып алудың басқа да деректері анықталып жатыр», — деп хабарлады Павлодар бойынша ҚМА.
Қазіргі уақытта соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.