Мүфтият мәһрды алып тастай алмайды, бұл Шариғат талабы - ҚМДБ өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүфтият мәһрды алып тастай алмайды, бұл Шариғат талабы - ҚМДБ өкілі

Мүфтият мәһрды алып тастай алмайды, бұл Шариғат талабы - ҚМДБ өкілі

Бұған дейін Мүфтият шешім бойынша күйеуі тарапынан берілген қалың малды қыз махр ретінде қабылдап, қолдана алады деп мәлім еткен.

  • 20 Қараша
  • 22
Фото: islam.kz

Күні кеше Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы некеге тұрған қызға беретін «қалың мал» мен мәһрды біріктіретін мәлім еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осыған қатысты Facebook желісінде Мүфтият өкілімін деп таныстырған Дастан Құрманбаев басқаша пікір білдірді.

«Бәрі «Мүфтият мәһрді алып тастады» деп айтып жатыр екен. Мүфтият мәһрді алып тастай алмайды. Өйткені ол Мүфтияттың заңы емес, шариғаттың талабы. Мүфтият тек қалыңмалды мәһр деп берсе және қыз соған келіссе, мәһр орнына жүретінін ғана айтты.  «Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһрге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», — дейді Дастан Құрманбаев.