Халықты сүлікше сорған ақылы тұрақтар - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықты сүлікше сорған ақылы тұрақтар

Халықты сүлікше сорған ақылы тұрақтар

Ақылы тұрақтардан жиналған ақша қайда кетті деген сұраққа нақты жауап берілген жоқ.

  • 26 Қараша 2024
  • 3
Фото: instagram.com

Ақылы автотұрақтарға қатысты мәселе әлі де толық шешімін таппай келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы депутаттық сауал жолдап, бірнеше талаптарын көрсеткен. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдан жауап келді.

Үкімет қойылған алты талаптың үшеуін орындауға келісті. 

Ресми жауаптан үзінді:
Жазылғанның негізінде сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер тұрғыда:
— жекеше әріптестіктің коммуналдық автотұрақтардың аумағын күтіп-ұстау және жөндеу бойынша міндеттерін;
— ақылы автотұрақтар (паркингтер) орналастырылатын жерлерге және минималды тегін тұру уақытына қойылатын талаптарды;
— коммуналдық автотұрақтарды басқару бойынша үлгілік шартты бекіту бойынша уәкілетті органның құзыретін бекітуді жөн деп санаймыз.
Бастама жасалып отырған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде пысықталатын болады”.

Яки, Премьер-министрдің бірінші орынбасары ақылы автотұрақтарда тегін тұру уақытын 30 минутқа ұзарту, автотұрақтың ақшасын алып отырған компанияларға аумақты күтіп ұстау туралы міндеттер арту, негізгі ереженің бәрін мемлекеттік орган жазу керек деген ұсыныстарыммен келісті. 

Жуырда жүзеге асыруы тиіс.

Ал ақылы автотұрақтардың ақшасын жеке компанияға емес мемлекетке түсіру керек, сол үшін мемлекеттік оператор құру керек; 

Бейнебақылау камералары арқылы салынатын айыппұлдарды кемі 2 есе азайту керек — деген талаптармен келіспепті. 

«Бұл талаптар үшін соңына дейін күресемін. Мәжілісте арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырамын», — деп пікір білдірді депутат.

Халықтың да пікірі екіге бөлінді. Бір бөлігі аталмыш өзгерістердің болатынына күмән білдірсе, екіншісі бұл барып тұрған халықты тонау деп ойлайды.

Перейти к новостям спорта