”Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептері салынады деп сенеміз” - Ресей президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептері салынады деп сенеміз” - Ресей президенті

”Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептері салынады деп сенеміз” - Ресей президенті

Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуға қолдау білдіретінін айтты. Ол Қазақстанның оңтүстігінде, қазақтар тығыз қоныстанған үш қалада, атап айтқанда Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептерінің ашылатынына үміт білдірген.

  • 27 Қараша
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей Қазақстанда орыс мектептерін салуды және орыс тіліндегі білім сапасын арттыруды қолдайды. Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептері салынады деп сенеміз», – деп жазды Путин. 

Сонымен қатар ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйым» құру бастамасына алғыс білдірді.

Қазір Қазақстанда шамамен 7 мың мектеп бар, соның ішінде 1160-ы – таза орыс тілінде білім береді, ал 2 мыңнан астамы аралас мектептер.

Былтыр күзде Қазақстанның оңтүстігінде үш орыс мектебін ашу жоспары туралы айтылған кезде, журналистер оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «қазақтар көп тұратын аймақтарда неге орыс мектептері ашылады?» деген сауал қойған. Министр бұл сұраққа «Біз көптілділікті дамытудамыз. Балаларымыз бәсекеге қабілетті болуы үшін көп тілде білім алуы қажет. Ата-аналардың бұған қарсылығы жоқ. Барлық мектептер мемлекеттік стандарттарға сай жұмыс істейді» деп жауап берген еді.

Ол бұл бастаманың артында ешқандай саяси мүдде жоқ екенін және орыс мектептерінде сабақты Ресейден келген мұғалімдер жүргізетінін атап өтті. Ресей президентінің бұл мәлімдемесі оның Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында жарияланды. Өз кезегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Известие» басылымына мақаласын ұсынды.

«Іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз», – деді Тоқаев мақалада.

Оның айтуынша, қазір Ресейдің жоғары оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. Бұған қоса, Астанада Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының филиалын, ал Омбыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігін ашу жоспарланып отыр.