Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апатына байланысты "5:32" сериалының продюсеріне үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апатына байланысты "5:32" сериалының продюсеріне үкім шықты

Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апатына байланысты "5:32" сериалының продюсеріне үкім шықты

Алматыда адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша "5:32" сериалының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаеваға қатысты үкім шықты.

  • 29 Қараша
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алмалы аудандық сотында үкім оқылды.

«Сартаева қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын. Оның жазасын өтеу мерзімі баласы 3 жас 9 айға келгенше үш жылға кейінге шегерілсін», – деді судья Қайрат Иманқұлов.

Сартаева 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Зардап шеккен тарап Әнел Сартаеваны кешіргені ескерілді. Марқұмның отбасы тіпті өтемақы алудан бас тартты, ал қалған жәбірленушілер сотталушының отбасынан өтемақы алып, басқа ешқандай талап қоймады. Жол-көлік оқиғасының абайсыздықтан болғаны және қасақана жасалған әрекет емес екені де ескерілді.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған жол-көлік апатынан кейін 16 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапқанын жаздық. Кейін 25 адам зарлап шеккені айтылды. Апат болған жерде автобусқа соқтығысқан Kia Sportage автокөлігін 28 жастағы Анель Сартаева басқарған. Ол Salem social media компаниясында «5:32», «Эскорт», «1286» сияқты танымал қазақстандық сериалдарға продюсерлік еткен. Жауапкердің адвокаты Қанат Әлсейітов желідегі парақшасында қамауға алмау туралы жеке шағым түсіргенін, сот оны қанағаттандырғанын мәлімдеді. Сөйтіп, Анель Сартаева үйқамаққа жіберілген.