Жаңаөзенде оқушы қыз құрдасын ұрып-соғып, соны видеоға түсірген - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде оқушы қыз құрдасын ұрып-соғып, соны видеоға түсірген

Жаңаөзенде оқушы қыз құрдасын ұрып-соғып, соны видеоға түсірген

Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапты деп құрбысын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алды.

  • 1 Желтоқсан
  • 7
Фото: Pixabay.com

Жәбірленушінің анасы видеоны көріп, полицияға арызданған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының іс материалдарына сәйкес, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, кіре беріске шығуын өтінген. «Неге маған жала жауып жабасың?» деп ол ұрып-соғып, не болып жатқанын видеоға түсіріп алды.

Зардап шеккен қыздың анасы видеоны көріп, полицияға арызданған.

Бұл іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды.

«Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды”, – деп хабарлады сот.

Апелляциялық шағым берудің соңғы мерзімі – 3 желтоқсан.