Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр

Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр

Мұғалімдерге тек кәсіби мерекесінде гүл сыйлауға рұқсат етілген деді.

  • 3 Желтоқсан
  • 5
Фото: rutube.ru

Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, мектептерде қаражат жинау мүлдем болмауы керек. Бұл кез келген оқиғаға, соның ішінде бітіру кешіне де қатысты. Ол министрліктің бұйрығымен мектепте ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды.

«Бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жинау болмауы керек. Осы және басқа да іс-шаралар бойынша үнемі министрлік бұйрығымен тыйым салынғанын айтып келемін. Сондықтан мектептерде ешқандай ақша жинауға жол берілмейді. Бұл жаңа жылдық шыршаларға, мерекелік кештерге де қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Әсіресе, қазір барлық іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған», – деді Бейсембаев.

Министр кез келген іс-шара көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін баса айтты. Сонымен бірге, Ғ.Бейсембаев мұғалімдерге сыйлық беру мәселесіне де тоқталды.

Мұғалімдерге тек кәсіби мерекесінде гүл сыйлауға рұқсат етілген деді.

«Мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді, біз, мұғалімдер, материалдық сый-сыяпатсыз-ақ балаларды оқытамыз және тәрбиелейміз. Егер жеке ұйымдарда әлі де ақша жинау фактілері байқалса, бізге хабарлауларыңызға болады, біз тиісті шараларды қабылдаймыз», – деді министр.

 Мектептерде мерекелер мен іс-шараларды ешқандай қосымша шығынсыз ұйымдастыруға болады деді.